X

Тауық етін жеу харам ба?

Тауық етін жеу харам ба?
Print Friendly, PDF & Email

Жоқ. Шариғаттта харам етілген жан-жануарлар мынадай топтарға бөлінеді. Олар:

а.  Доңыздың еті

ә. Алладан өзге біреу (пұт) үшін шалынған малдың еті.

б. Арам өлген малдың еті.
в. Жыртқыш аңдар тобына жататын қасқыр, арыстан, ит, мысық т.б
г. Жыртқыш құстар тобына жататын бүркіт, сұңқар, күшіген т.б
ғ. Жаратылысы жиіркенішті тышқан, жылан т.б
д. Шаян, шыбын, өрмекші т.б жәндіктер де харам санатына кіреді.

Дәлелі: Мына бір аяттар

173) «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды»[1].

(3) «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді»[2].

Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәлімметтерге сүйене отырып, тауық етінің шариғи тұрғыдан адал екендігін айтуға болады.

Құрметпен,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі


[1] Бақара сүресі, 173 аят.

[2] Мәйда сүресі, 3 аят.

6 thoughts on “Тауық етін жеу харам ба?

Индира says:

Ал егер шариғи талаптармен сойылмаса ше? Яғни біз сондай қауесет естиміз. Тауық еті тоқпен өлтіріледі дегендей. Осы мəселені ашыңқырап түсіндірсеңіз

ҚМДБ says:

Ассалаумағалейкум! Әлемдік «Халал» стандарты бойынша тауық еті тоқпен өлтірілмейді, дегенмен, тауықтарды бауыздардың алдында тыныштандыру мақсатында электр тоғын пайдалануға рұқсат берілгені рас және ол шариғатымызға қайшы емес. Алайда, біз Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы алдағы уақытта қасапхана, құс фабрикаларында электр тоғын қолданбай ақ бауыздау барысының жүзеге асырылуын жобаға қойып отырмыз.

Айдос says:

Ассалаумағалейкум!
KFC өніміне ҚМДБ-ның халал белгісі берілген, яғни ондағы тауықтардың барлығы құрбандыққа Алланың атымен шалынады ма?

Даурен says:

Ассаляму Алейкум. Сонда егер біздің көзіміз жетсе ол тоқпен талдырылады бірақ өлмейді десек, Бірақ білуімше егер талып жаткан кезінде өлтірілсе ол Харам, ал егер оянса ол халал,Қандай әрекет қолдану керек бізге? электронды адреске толық жауап қайтарсаныз жаксы болар еді,

Самат says:

Е100, Е101, Е102, Е103, Е110, Е111, Е120,
Е123, Е124, Е126, Е127, Е128, Е140, Е141,
Е152, Е153, Е206, Е210. Е213, Е214, Е216,
Е234, Е252, Е270, Е280, Е325, Е326, Е327,
Е334, Е335, Е336. Е337, Е374, Е420, Е422,
Е430, Е431, Е432, Е433, Е434, Е435, Е436,
Е440, Е442, Е470, Е471, Е472, Е473, Е474,
Е475, Е476, Е477, Е478, Е480, Е481, Е482,
Е483, Е488, Е489, Е491, Е492, Е493, Е494,
Е495, Е542, Е550, Е570, Е572, Е577, Е591,
Е631, Е632, Е633, Е635, Е904. мына нарселер харам деген рас па ?

Самат says:

окорочка жеу харам ба?

Пікір үстеу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

рет оқылған
Тілді таңдау »