X

Шымкентте «Халал ас – салауатты ұрпақ кепілі» атты оқу семинары өтті

Шымкентте «Халал ас – салауатты ұрпақ кепілі» атты оқу семинары өтті
Print Friendly, PDF & Email

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында «Халал ас – салауатты  ұрпақ кепілі» атты оқу семинары болып өтті.

Аталмыш оқу семинарына арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек, облыстық халал бөлімінің жетекшісі Бақдәулет Абдрахманов және қала имамдары қатысты. 

Оқу семинары барысында ҚМДБ “Халал өнімдерін стандарттау” бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев арнайы халал өнімдері жөнінде дәріс оқыды.

Сондай-ақ, халал жұмыстарын жан-жақты дамыту,  мал соятын халал орындардың жұмысын күшейту, түрлі кәсіпорындарды халал жүйесіне тарту,  БАҚ арқылы және өзгеде орындарда насихаттау жөнінде тапсырма берілді.

Жалпы, оқу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша баспасөз қызметі

404401_1477884900_890_530_0

323290_1477884900_890_530_0

Пікір үстеу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

рет оқылған
Тілді таңдау »