X
Меню
X

Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму» отырысы өтті

Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму» отырысы өтті
Print Friendly, PDF & Email

Елбасының «Жол картасы» бағдарламасы аясында бекітілген жобаларды  жүзеге асыру мақсатында Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Халал Даму» мамандарының кезекті отырысы өтті.

Жиынға ҰАО-ң даму және жобаларды басқару департаментінің директоры Ержан Жарылғапұлы, мамандар Алмат Орынғалиұлы мен Айна Жарасқызы, «Халал Даму» директоры Айбек Аташев және технолог мамандар қатысты.

Екі жақты кездесу барысында «Халал Дамуды» БАӘ халал аккредиттеу бойынша жетекші ұйымы (ESMA)-дан аккредиттеуден өткізу мақсатында ҰАО-мен бірлесе атқарылатын жұмыстар жобасы пысықталды.

 Отандық ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде, ет өнімдерін Араб елдеріне экспорттау және ішкі нарықты халал ет өнімдерімен қамтамасыз ету, тауар алмасу барысында туындайтын салық және логистика  мәселелерін жеңілдету, техникалық барьердің алдын алу шаралары қарастырылды.

«Халал Даму» директоры А.Асқарбекұлы ҰАО мамандарына ESMA-дан аккредиттеуден өту барысында мемлекет тарапынан қажетті қолдау мен көмек көрсетуді сұрады.

“Халал Дамудың”
баспасөз қызметі

рет оқылған