X
Меню
X

Ақтөбе: Халал асханалар 550 ауызашар қорабын таратты

Ақтөбе: Халал асханалар 550 ауызашар қорабын таратты
Print Friendly, PDF & Email

Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша «Халал Даму» өкілі Абдисаламов Жарасханның ұйымдастыруымен өңірдегі сертификатталған кәсіпорындар 550 адамға ауызашар қорабын таратты.

Ауызашар шарасына өңірдегі «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған «Тағам» асханалар желісі, «Бай дөнер» қоғамдық тамақтану орталығы, «Бауырдақ»  қазақ бургері, «Адал» кафесі, «My Bro»  ет дүкені, «Жанна Саду» полуфабрикаты, «М.Беркімбаева» полуфабрикаты, «ECOJOY» мармелад компаниясы ат салысты.

Ауызашар қораптары мұқтаж отбасылары мен мешіт қызметкерлеріне үлестірілді.

Ж.Абдисаламов жақсылықта жарысып, сауабы мол игі шараға ат салысқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, өңірде адал астың артуына үлес қосып жатқандарына алғыс айтты.

“Халал Дамудың”
баспасөз қызметі

рет оқылған