X

Талдықорғанда қасапшыларға арналған оқу-семинары өтті

Талдықорғанда қасапшыларға арналған оқу-семинары өтті
Print Friendly

Жақындап келе жатқан Құрбан айт мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласы орталық “Иман” мешітінде “Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс” атты оқу-семинары өтті. Семинарға ҚМДБ  “Халал даму” ЖШС-нің директор орынбасары Ануарбек Ізімбайұлы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы және қала, аудан, ауыл қасапшылары қатысты.

Дәріс барысында өкіл имам сөз сөйлеп, қасапшылықтың үлкен жауапты іс екенін түсіндіріп, насихатын айтты. ҚМДБ-нан келген Ануарбек Ізімбайұлы өз кезегінде малды адалдаудың шариғат жолымен жасалынатын тәртіптеріне ұсақ-түйегіне дейін түсіндіріп, жамағаттың бір қатар сұрақтарына кеңінен жауап беріп тоқталды.

Семинарда арнайы бейнероликтер арқылы дәрістер кеңінен жүргізілді. Дәріске қатысып, оқу курсын тамамдаған қасапшыларға арнайы Сертификат берілді.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

460963_1472122098_890_530_0

472508_1472122098_890_530_0

822134_1472122098_890_530_0

Добавить комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

рет оқылған