X

«Нұр Астана» мешітінде қасапшыларға семинар-тренинг өтті

«Нұр Астана» мешітінде қасапшыларға семинар-тренинг өтті
Print Friendly, PDF & Email

Құрбан айт – бүгінде қазақ жұртшылығында ерекше аталып өтетін айтулы мереке. Дәстүрімізге сіңіскен Ислам құндылықтарын насихаттау ісі де – маңызды міндеттер қатарынан. Осы мақсатта бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті айт мерекесінде құрбандық шалатын орындарда қызмет қылатын қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырды.

«Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атауымен өткен шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бетказинов қатысып, қасапшыларға діни кеңестер айтты.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мал союдың өзіндің мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларды өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. «Құрбан айт мерекесінің ауқымы жылдан жылға ұлғайып, дәстүрлі дін құндылықтарына халықтың сұранысы мен ықылас-пейілі артып келеді. Айт мейрамдарының бүгінде бұқаралық сипат алғаны осыған дәлел. Санаулы күннен соң келетін мүбәрак мерекеде құрбан шалғысы келетін қала тұрғындарына кәсіби тұрғыда қызмет қылу – сіздерге жүктелген аманат. Қала әкімдігі осыған орай мал союға арнайы нысандар белгіледі. Айтулы күндері құрбандық малдарын шариғи шарттарын сақтай отырып союға аса үлкен мән берілуі керек» деді наиб мүфти.

Семинар-тренингте «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бетказинов құрбан шалудың шариғаттағы үкімдері мен талаптарын қасапшыларға кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, мал союдың қыр-сырын практикалық тұрғыдан жеткізіп, жіті көңіл бөлу керек болған тұстарына тоқталды.

Шариғи үкімдер жан-жақты тарқатылған тренингтен тәлім алған қасапшылар өкілдік ұйымдастырған шараға ризашылық білдірісіп, құрбан шалу барысында семинардан үйренген ілімдерін іске асыратындықтарын жеткізді.

Asap11

Asap14

Asap13

Asap12

Asap10

Asap8

Asap7

Asap6

Asap3

Asap2

Asap1

Asap

 

Добавить комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

рет оқылған