X
Меню
X

ҚМДБ: «СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ҚМДБ: «СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Print Friendly, PDF & Email

Алматыда ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын Ресей Федерациясы Киров қаласының ірі кондитерлік фабрикасы «Аструм-М» ЖШС-на «Халал» сертификатын табыстады. Осы уақытқа дейін кәсіпорынның жұмысы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның бекіткен халал ережесіне сай сараптамадан өткен болатын.

«Аструм-М» ЖШС-ның «Сладкая Слобода» сауда белгісімен шығаратын печенье, вафли және т.б. кондитерлік өнімдері Халал талаптарына сай екені анықталған. Өнімдері генді-молекулярлық зертханада текесерістен өткен, ГМО және тыйым салынған қоспалар құрамы қосылмаған.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 67 кәсіпорынға Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

One thought on “ҚМДБ: «СЛАДКАЯ СЛОБОДА» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМІ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Қуаныш says:

Ас саламу алейкум! Сұрағым бар еді! Барлық өнімдеріне ма? Әлде кейбір өнімге ма? Сұрап жатырған себебім, дүкенде ҚМДБ-ның белгісісіз тұр Сладкая слобода печеньесімен вафлилері! Ала берейік па? Әлде міндетті түрде жапсырма белгі болу керек па? Алла разы болсын! Ас саламу алейкум!

Добавить комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

рет оқылған