X

ҚМДБ халал стандарттау маманы семинар өткізді (фото)

ҚМДБ халал стандарттау маманы семинар өткізді (фото)
Print Friendly

Қарашаның 8-ші жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің әйел жамағатына ҚМДБ Халал стандартизация бөлімінің маманы Алмагүл Қуанышқызы арнайы келіп, халал өнімдерімен тағамдық қоспалар турасында семинар өткізді.

Семинар барысында қыз-келіншектер көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, семинарда осы уақытқа дейін ҚМДБ тарапынан Халал сертификаты берліген кәсіпорындар жайлы да ауқымда ақпарат айтылып өтті.

Әйел жамағатына жалпы халал ұғымы турасында мол ақпар берілген аталмыш семинарда халал дегеніміз не, харам мен халалдың айырмашылығы қандай, дибах қалай жасалынады, халал деген ұғымды алу үшін қандай шарттарды орындау керек деген секілді көптеген сұрақтарға маман тарапынан нақты жауаптар берілді.

3 сағатқа созылған семинар соңы қызу сұрақ-жауапқа ұласып, қарағандылық қыз-келіншектер халал ұғымы жайлы көптеген маңызды ақпарат алды.

Қарағанды облыстық мешіті баспасөз қызметі

874767_1478758785_890_530_0

413452_1478758785_890_530_0

851444_1478758785_890_530_0

Добавить комментарий

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

рет оқылған