X

Павлодар өңіріндегі Халал өнімдер туралы дәріс жалғасын тапты (ФОТО)

Павлодар өңіріндегі Халал өнімдер туралы дәріс жалғасын тапты (ФОТО)
Print Friendly, PDF & Email

ҚМДБ, Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің маманы Амангүл Әбілдинова халал өнімге қатысты ауқымды түсініктеме беретін дәрісін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жалғастырды. Дәріске Павлодар облысының қала, аудан, қала маңы ауыл имамдары, кәсіпкерлер өкілдері, Павлодар қаласындағы кейбір асхана, кафелердің иелері қатысты.

Амангүл Қуанышқызы өз дәрісінде халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен халал өнімді стандарттаудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері жөнінде кең көлемде түсіндіре келе қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді.

Аталмыш шараға қатысқан өкіл имам Исенов Нариман, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің өкілі Казбек Какенов, ҚМДБ Зекет қорының өкілі Қанат Тлеубаевтар   кәсіпкерлер мен іскер азаматтарға және имам-молдаларға бұл игі  іске атсалысып,    халал өнімдерге қойылатын талаптың қандай болуы тиіс екендігі туралы қарапайым халықтың білімін жетілдірудің ерекше маңызы бар екенін арнайы ескертіп, тапсырмалар берді.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

рет оқылған