X

Имамдар құс фабрикасында іс-тәжірибеден өтіп қайтты

Имамдар құс фабрикасында іс-тәжірибеден өтіп қайтты
Print Friendly

Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының қараша-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған тыңдаушы имамдары “Халал стандарттау” пәні бойынша дәріс беріледі.

Оқу бағдарламасы бойынша іс-тәжірибе ретінде Халал сертификатын кәсіпорындарға саяхат жасалады. Осы орайда Алматы облысы, Іле ауданында орын тепкен “Алель Агро” құс фабрикасына ұйымдастырылды.

Аталмыш құс фабрикасы ҚМДБ Халал сертификатының стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізіп келеді. Тәулігіне 90 000 ға жуық тауықты “Бисмилләһ ,Аллаһу Акбар” деп қолмен бауыздайтынын, одан ары қарай әр бір іс барысының қалай жүзеге асатынын бақылап, көкейдегі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып қайтты.

Бауыздау бойынша жауапты етіп бекітілген халалтанушы Несіпбаев Нұрлан және Алматы қаласы бойынша жауапты өкіл Ержан Назарбек имамдарымызды фабриканың тыныс тіршілігімен таныстырды.

ҚМДБ қажылық және халал стандарттау бөлімі

рет оқылған