X

Халал сертификаттаудан өткен «Feradisin» өнімдері

Халал сертификаттаудан өткен «Feradisin» өнімдері
Print Friendly, PDF & Email

Алматы қаласында әр түрлі тазалауыш заттарды өндірумен айналысатын «Feradisin» өнімдері ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, Халал сертификатқа ие болды. Сонымен қатар, кәсіпорын Түркия еліндегі ең абыройлы GIMDES Халал сертификаттау органының сертификатын алды.

Аталмыш кәсіпорын келесідей: шампунь, сабын, тіс пасталары және тағы да басқа тазалауыш заттарды өндірумен айналысады. Айта кетсек, «Feradisin» өнімдері Түркия елінде жасалып шығарылады. 2017 жылдың қараша айынан бастап кәсіпорын өнімдері Қазақстан аумағына кеңінен таралуда.

Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы арнайы табыстады.

ҚМДБ қажылық және халал стандарттау бөлімі

рет оқылған