X

«Халал ризық – құлшылық өзегі» атты тақырыпта дәріс тыңдалды

«Халал ризық – құлшылық өзегі» атты тақырыпта дәріс тыңдалды
Print Friendly, PDF & Email

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты имамдар мен қасапшыларға арналған біліктілікті арттыратын семинар өтті. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл Іле ауданы имамдарының басын қосып, «Халал – құлшылық өзегі» атты тақырыпта бір күндік шара ұйымдастырды. Осы семинарға 20-дан астам имам мен қасапшы қатысып, аталмыш тақырыпта дәріс тыңдады.

Семинар барысында «Халал даму» ЖШС маманы халал төңірегінде тың мағлұматтармен бөлісті. Әсіресе «Е тағамдық қоспалар» турасында кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, дәріске аудан имамы Әбсамат Мұхтар мырза қатысып, көкейіндегі сұрақтына тұшымды жауап ала алды.

Дәрісті оқыған ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы.

ҚМДБ-ның қажылық және халал стандарттау бөлімі

рет оқылған