X

«ДАС» шұжық өнімдері халал деп танылды

«ДАС» шұжық өнімдері халал деп танылды
Print Friendly, PDF & Email

Қазіргі таңда халал өнімдерге сұраныстың артып келе жатқаны белгілі. Бәсекеге қабілетті, халал стандартқа сай өндірілген отандық шұжық өнімдерінің саны көбеюде. Жуырда, «ДАС» шұжық өнімдері «ҚМДБ-ға қарасты Халал Даму» ЖШС-нің «Халал» сертификатына ие болды.

Жамбыл қаласында орналасқан «ДАС» шұжық өнімдері гендік-молекулярлық деңгейде диагностика жасайтын «Tree Gene» зертханасында тексерістен өтті. Зертхана нәтежиесі «ДАС» шұжық өнімдерінде доңыз ДНҚ-ның жоқтығын көрсетті.

«ДАС» сауда белгісімен танылған кәсіпорын 1995 жылы Жамбыл қаласында құрылған. 2012 жылы соңғы үлгідегі неміс, австрия,белорусиялық құралдармен жабдықталған кәсіпорын өз жұмысын қайта жандандырды.

Өндірісте ветеринарлық тексеріске ерекше назар аударылады. Осы факторларды ескерген «ДАС» кәсіпорын қызметкерлері халал өнім өндірудің стандарттарын басшылыққа ала отырып, сапасы, табиғилығы, дәмі, бағасы жағынан халық арасында сұранысқа ие 70 түрлі атаумен танылған шұжық өнімдерін өндіреді.

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған