X
Меню
X

«ХАЛАЛ ДАМУ» МАМАНЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

«ХАЛАЛ ДАМУ» МАМАНЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Print Friendly, PDF & Email

Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  «Адал ас – арлы ұрпақ» тақырыбында халал стандартту және сертификаттау бойынша семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Елжанов Ануарбек Ізімбайұлы және «Халал Даму» ЖШС-ң Павлодар облысы бойынша жауапты өкілі Какенов Қазбек мырза  арнайы келіп, дәріс оқыды. Дәріске Павлодар облысы бойынша қала, аудан мешіттерінің имамдары түгелдей қатысты.

Семинар барысында əлемдік халал стандарттау және сертификаттау саласының үздік мемлекеттері тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ  халал өнімдерін стандарттау бөлімі мамандары дайындаған:

  • «Мал бауыздау және ет өңдеу халал стандарты» 1:2016;
  • «Тағамға қатысты қызметтер халал стандарты» 2:2016;
  • «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар халал стандарты» 3:2016 таныстырылды.

          Сондай-ақ  электронды және бейнебаян мәліметтер, слайд, сызбалар, кестелер арқылы әр өңірдегі «Халал Дамудың» мамандары атқарып жатқан жұмыстар таныстырылып, «халал және харам» тұрғысында жалпы мәліметтер, қазіргі тамақ индустриясындағы қолданылып жатқан тағам дайындау технологиялары, «Е тағамдық қоспалар» және Павлодар облысы  бойынша «ҚМДБ халал» сертификатына ие болған кәсіпорындар, елімізде алдағы уақытта республикалық және халықаралық деңгейде халал индустриясы саласында атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, халал бойынша имамдар  көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, туындаған сұрақтарға жауап берілді. Жиын соңында Павлодар облысы бойынша жиналған барлық имамдарға арнайы сертификат табысталды.

«Халал Даму» мамандары мешіт имамдарымен өткізілген семинардан кейін Павлодар қаласындағы ірі   қоғамдық тамақтану және азық түлік саудасымен шұғылданатын кәсіпкерлермен  жүздесті. Аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге шариғат талаптарына сай халал өнім өндіру, тұтынушыларға «халал ас» ұсынудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес елімізде халал индустриясын дамыту, отандық және экспорттық сауда көлемін ұлғайту, болашақ ұрпақтың амандығы үшін «халал азық» өндіруде бірлесе жұмыс атқарудың маңыздылығы айтылып, кәсіпкерлерге сертификат алу жолдары түсіндірілді.

Семинар соңында Ануарбек Ізімбайұлы облыстық «Ертіс» телеарнасы мен «Халық радиосына» кең көлемде сұхбат берді.

рет оқылған