X
Меню
X

«Орал Құс Фабрикасы» сертификат алды

«Орал Құс Фабрикасы» сертификат алды
Print Friendly, PDF & Email

«Орал Құс Фабрикасы» ЖШС Батыс Қазақстан облысында орналасқан балапан өсіру және тағамдық жұмыртқа алу үшін құс ұстау технологиялық циклымен жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындардың біріне жатады.

250 000 (екі жүз елу мың) бас тауыққа есептелген құс фабрикасы жұмыртқа бағытындағы фабрика ретінде 2003 жылы құрылды. Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын өндіру болып табылады.

Цехтар балапан өсіруге және құс ұстауға арналған қуатты жаңа заманға сай, жоғары технологиялық «Big Dutchman» неміс фирмасының құралдарымен жабдықталған. Орал құс фабрикасы тек Батыс Қазақстан облысының ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа облыстарының тұтынушы сұранысын да қанағаттандыруды мақсат етіп отыр.

Фабрикада 120 жуық адам жұмыс істейді. Соның ішінде 25 адам жоғары білімді мамандар.

2009 жылы «ОралҚұс Фабрикасы» ISO 9001 және ISO 22000 халықаралық стандарт талабына сәйкес менеджмент жүйесі жасалып, енгізілді. Фабрика өнімдері тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі – ХАССП негізі бойынша сертификациялаудан өтті.

2019 жылы маусым айында «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Ануар Елжанов арнайы іс-сапармен барып «Орал құс Фабрикасын» тексерістен өткізіп, барлық стандарттарған сәйкес екендігін қадағалаған болатын. Жұма намаз уақытында Орал қаласының «Халал Даму» өкілі Асылбеков Асхат көпшілік жамағат алдында «Орал Құс Фабрикасына» сертификат табыстады. Орал құс фабрикасы ҚМДБ – Халал стандарттарына сәйкестендіріліп сертификатталды.

рет оқылған