X
Меню
X

ҚМДБ «Халал Даму» директоры кәсіпкерлермен кездесті

ҚМДБ «Халал Даму» директоры кәсіпкерлермен кездесті
Print Friendly, PDF & Email

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Ануар Елжанов Жамбыл облысының кәсіпкерлерімен жүздесу өткізді. Аталған бас қосуға ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов пен халал сертификатын алған және аталған куәлікті алуға еңбектеніп жүрген өндіріс, дәмхана, цех, фабрика иелері қатысты.

Ануар Елжанов қасиетті Құрандағы халал-харам мәселесі жайлы сүбелі сөз сөйлеп, аят-хадистерден мысал келтірді. «Халал» сертификатын алудың маңызы, оның қажеттілігі, халал ас ұсынудың пайдасы, сауда-саттық, логистика мәселесі тілге тиек болды.

Сонымен қатар нарықта 2 жыл бойы халал шұжық шығарып келе жатқан «ЖК Тахир» цехі тексеріліп, қолдағы сертификаты биылғы жылмен қайта жаңартылды. Өндіріс иесіне куәлікті ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС директоры Ануар Елжановтың өзі табыстады. Мамандар кәсіпкерлерге жұмыста жеміс тіліп, қашанда бірге қызмет атқарып отыратындарын жеткізді.

«Әрбір халал өнім шығаратын мекемеде кішігірім болса да намазханалар бар. Өйткені халал өнімді шығарушылар мен қызметкерлердің көбі ата дініміз исламға амал еткен адал жандар», – дейді «Халал Даму» ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

рет оқылған