X
Меню
X

ПАВЛОДАР: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТҚА ХАЛАЛДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПАВЛОДАР: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТҚА ХАЛАЛДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Print Friendly, PDF & Email

Павлодар облысында арнайы іссапармен жүрген «Халал Дамудың» мамандары «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде әйел жамағатқа «Халал ас» турасында уағыз насихат жүргізді.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен жиынға технолог Айжан Омарова,  ветеринар маман Сафиев Данияр, жергілікті жауапты өкіл Какенов Қазбек қатысты.

Семинар аясында «Халал Дамудың» атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың  ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығын түсіндірді.

Шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның ақыретіміз бен денсаулығымыз үшін тигізер зиянына да кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, халал өнімдер дайындау технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары, рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалар, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңызды тұстары ашып айтылды.

Семинар соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған