X
Меню
X

СТЕПНОГОРСК МЕШІТІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

СТЕПНОГОРСК МЕШІТІ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Print Friendly, PDF & Email

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталовтың Степногрск қаласындағы іссапары барысында жергілікті «Паң Нұрмағамбет» мешіті асханасы «ҚМДБ халал» сертификатын қайта жаңартты.

“Халал стандартына сай ең бірінші кезекте мешіт асханасы жұмыс жасауы тиіс. Бүгінде діни басқарма осы талаптың орындалауын қатаң қадағалауға алды. Осы орайда алғашқылардың бірі болып, халал сертификатының маңыздылығын ескеріп, бекітілген талаптарға сай қызмет атқарып жатқандарыңызға айтар алғысымыз шексіз”,-деп мешіт ұжымына ризашылығын білдірді.

Тұрақты тексеріс пен жауапты мамандардың қадағалауындағы мешіт асханасы «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын сақтай отырып, жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

рет оқылған