X
Menu
X

Бөлім меңгерушісі

Print Friendly, PDF & Email

Мырзагелдиев Бейбіт Әліпбекұлы

ҚМДБ қажылық және халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі

«Халал Даму» ЖШС-ның директоры

14.07.1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1987 жылы Елтай ауылдық Мәмбетәлі Бағысбаев атындағы орта мектепке барды.

1997 жылы Шұқырбұлақ ауылдық Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірді.

1998-2003 жылдары – ОҚО Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылы Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия факультеті дінтану мамандығы бойынша магистрі біліктілігін алды.

2002-2005 жылдары аралығында ОҚО Шымкент қаласы Тельман елдімекеніндегі «Төленбай» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

2005-2010 жылдары Астана қаласы «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы, 2007 жылдан қосымша «Астана медресесі» діни бірлестігінің директоры орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылы Пакистан мемлекетіндегі Дауа Академиясының екі айлық курсының тыңдаушысы болды.

2005-2010 жылдары аралығында Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросының Астана қаласындағы филиалының мүшесі, ҚР Әділет Министрлігі Қылмыстық-Атқару Жүйесінің Астана қаласы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының, ҚМДБ тарапынан құрылған уағыз-насихат тобының мүшесі болды.

2010 жылдың маусым айының 16 мен 2014 жылдың қазан айының 8 жұлдыз аралығында  ОҚО облысының өкіл имамы, Шымкент қаласындағы «А.Қаттани» мешітінің Бас имамы және «Шымкент» медресесінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың 8 қазаннан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

2016 жылдың 29 ақпанынан бастап «Халал Даму» ЖШС-ның директоры қызметін қоса атқаруда.

2016 жылдың 23 маусымнан бастап, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі және «Халал Даму» ЖШС-ның директоры қызметін сақтай отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық және халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

2017 жылдан бастап Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доктаранты.

Отбасылы.