X
Menu
X

Халал дегеніміз не?

Print Friendly, PDF & Email

Халал – рұқсат етілген, адал деген мағынаны беретін араб тілінен енген сөз. Халал сөзінің антонимі Харам, яғни, рұқсат етілмеген, шариғатқа сай емес деген мағынаны білдіреді.

Халал және Харам – өмірдің барлық аспектілерінде қолданылатын универсалды жүйе.  Бірақ, біз бұл терминді тек тағам өнімдері, ет өнімдері, косметика, жеке бас гигиенаасы өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, тағамдық қоспалар және тағаммен жанасатын материалдарға қатысты қолданамыз.

Тағам өнімдерінің халалдығын анықтап классификациялау өте жауапты іс болғандықтан, ислам заңдарын етік меңгерген мұсылман маман ғана бұл шараны атқара алады.

Халал рұқсат етілген, заңды деген мағынаны білдіретіндіктен, халал сертификатын алған өнімдер мұсылмандарға қолдануға рұқсат етілгендігін білдіреді.