Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

«Халал Даму» ЖШС

«Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2014 жылғы 8 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған, шариғат талаптары мен халал стандарттарына сәйкес өнімдер мен қызметтерді сертификаттаумен айналысатын мекеме.

2018, 2021 жылдары «Халал Даму» ЖШС Малайзияның Исламды дамыту департаменті (JAKIM) тарапынан аккредиттелді. 2024 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық аккредиттеу жүйесі бойынша ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 «Сәйкестікті бағалау. Халал сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» мемлекеттік стандартына сәйкес аккредиттеуден өтті.

«Халал дегеніміз не?»

«Халал» дегеніміз –«рұқсат етілген», «адал» деген мағынаны білдіретін, Ислам дініне ғана тән, мұсылмандардың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын ұғым.

Біздің мақсатымыз бен міндеттеріміз
Біздің мақсатымыз

Тұтынушыларға сенім кепілдігіне ие болған, халал стандартына сай сертификатталған өнім мен қызмет түрлерін ұсыну  

Біздің міндетіміз

Отандық кәсіпорындарға қолдау көрсете отырып, халал индустриясын дамыту

"Халал Даму" сертификатының артықшылықтары
ӘЛЕМДІК СТАНДАРТ

«QMDB Halal» сертификаты халықаралық халал нарығына жол ашады.

БЕДЕЛДІ БЕЛГІ

Сертификатталған өнім мен қызмет түрлері тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланады.

САПА КЕПІЛІ

Халал сертификатын алған кәсіпорындар жоғары сапа мен сенімге ие болады.

Кәсіби қолдау

Кәсіпорындарға әрдайым ақпараттық, кәсіби, біліктілікті арттыру бойынша қолдау көрсетіледі.

img img