Біз туралы
«Халал Даму» ЖШС
«Халал Даму» ЖШС - шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.
2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.

1204 Жалпы бақылаудағы кәсіпорындар
36 категория
28 өңір

Халал
Рұқсат етілген, адал деген мағынаны беретін араб тілінен енген сөз. Халал сөзінің антонимі Харам, яғни, рұқсат етілмеген, шариғатқа сай емес деген мағынаны білдіреді.

Халал сертификаттаудың негізгі мақсаты
Халықаралық мұсылман қауымына дін нормаларын сақтауда қызмет ету. Халал сертификат – сіздің өніміңіздің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді.

Ұйым міндеттері
Мұсылман қауымы мен халал өндірісінде тағамдардың қадағалануын жеңілдету, халал кепілдігінің тәжірибеден өткен, сенімді жүйесін құру.

Сертификатталған кәсіпорындар
Халал сертификатын алған кәсіпорындар тізімін толығымен соңына дейін қарап шығуыңызды сұраймыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз.
ӘЛЕМДІК СТАНДАРТ
Біздің куәлік әлемдік деңгейде жарамды. Ол арқылы сіздің бизнесіңіз дүниежүзілік халал индустриясына жол ашады.
БЕДЕЛДІ БЕЛГІ
Стандарттаудан өткен мекемелерге ҚМДБ-ның «Халал» таңбасымен өнім өндіруге толық құқық беріледі.

САПА КЕПІЛІ
Халал куәлігін алатын мекемелер жоғары деңгейдегі сапа мен тазалық бақылауынан өтеді.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ
Біз сіздердің өнімдеріңіз бен қызметтеріңізге барынша ақпараттық және жарнамалық қолдау көрсетеміз.