ҚОСТАНАЙ: ЖҰМАДА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Қасиетті Жұма күні Қостанай қаласындағы «Моя Узбечка» және «Qazak et» тамақтану орындары халал стандартына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алишер Балахмет жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпкерлерге «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Халал саласындағы стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артуда. Бұл – орталық аппарат пен жергілікті мамандарымыздың бірлескен тынымсыз еңбегінің жемісі. Халықтың сұранысын қамтамассыз етіп жатқан адал кәсіптің дамуына үлес қосыңыздар, адал өнімді тұтыныңыздар! Алла ізгі істің басында жүрген осындай кәсіпкерлеріміздің жұмысына береке беріп, кәсіптері табысты болғай!», – деді өкіліміз. Сонымен қатар, Алишер Балахмет «Моя Узбечка» дәмханасының ашылу салтанатына қатысып, дәмхана қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинарын өткізді.
Кәсіпорындарға берілген сертификат мына мерзім аралығында жарамды:
«Моя Узбечка» дәмханасы: 27.12.2023-26.12.2024 жж. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әль-Фараби даңғылы, 67;
«Qazak et» дәмханасы: 19.12.2023-18.12.2024 жж. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, М.Дулатов көшесі, 267.