Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 января 2021

194

Новости

"Алатау-құс" фабрикасы тексерілді

**Алматы облысындағы ірі құсфабрикаларының бірі – «Алатауа құс» кәсіпорнында бақылау-қадағалау шаралары өткізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» инспектор-контролер маманы Жұмабеков Жанәбіл жүргізді.** Құсфабрикаларын тексеру кезінде ең алдымен құсты қолмен бауыздау, жем-шөбінің стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу процесстерінің бекітілген талап бойынша орындалуы қадағаланады. «Алатау құс» фабрикасындағы аудит нәтижесі бойынша өндіріс барысында «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарының толық сақталатындығы анықталды. Мамандар тарапынан ескерту айтылмады. Тексеріс нәтижесі оң. «Алатау құс» фабрикасында инкубация цехы, құс бауыздау және ет өңдеу, шұжық өнімдерін дайындау секілді 5 түрлі цех жұмыс жасайды. Дайын өнімдерді стандарт талаптарына сай тасымалдау үшін логистика мәселесі де ойластырылған. «Алатау құс» сауда белігісімен шығарылатын дайын өнімдерді Нұр-Сұлтан, Алматы облысы, Алматы қаласы, Шымкент секілді ірі қалалардағы фермалық дүкендері мен өзге де аймақтардағы сауда орындарынан таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-01-19 at 19.53.12 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/6e4/9d8/6006e49d835b1854799473.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-19 at 19.53.12.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/6e4/a6d/6006e4a6d474f180597279.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-19 at 19.53.12 (2).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/6e4/b6e/6006e4b6ea2c2933478168.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-19 at 19.53.12 (4).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/6e4/c93/6006e4c935c31069824162.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-19 at 19.53.12 (3).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/6e4/d61/6006e4d617dc2714649927.jpeg)

Поделиться: