Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 апреля 2024

214

Новости

АЛМАТЫ ОБЛ.: «ХАМЛЕ» КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Еліміздегі алпауыт өндіріс орындарының бірі – «Хамле» кондитерлік кәсіпорнында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков, технологтар Әселхан Сыдық пен Сымбат Амантайқызы орындады.

«Аталған кәсіпорын «Хамле», «Ulker», «McVitie`s», «Digestives», «Alpella», «Alpella» сауда белгісімен 80-нен астам өнім түрін өндіреді. Аудит барысында кондитерлік өнімдерді халал стандартына сай өндіру және өңдеу технологиясы, дайын өнімдерді сақтау, тасымалдау, сату кезеңдері қадағаланды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарты және технологиясы жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.

Поделиться: