ЖАРКЕНТТЕ ХАЛАЛДЫ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Новости

10.02.2026

Жетісу облысы

8

ЖАРКЕНТТЕ ХАЛАЛДЫ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Жетісу облысы бойынша халалға жауапты маман Мұхаммед Ордыбай Жаркент қаласында дәмхана басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында халал стандартына өтуге ниетті кәсіпорын басшыларына халалдың маңыздылығы мен талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар қасапшылық куәлік алуға ниет білдірген 14 адамға малды ислам шариғатына сай сою тәртібі бойынша семинар ұйымдастырылып, құжаттары ресімделіп, ҚМДБ-ның Халал даму бөліміне жолданды. Аталған шара екі күнге жалғасады.

Заңсыз эмблема пайдаланған кәсіпорын басшыларына қатаң ескерту берілді.

Телефон WhatsApp