09.02.2026
Астана
120
«Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызының қатысуымен қоғамдық тамақтану орындары мен фаст-фуд желілеріне аудит жүргізілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты сараланып, өнімдердің құрамы, өндіріс процесі және сақтау шарттары қатаң бақылауға алынды. Әсіресе, шикізаттың шығу тегі, тағамдық қоспалардың құрамы және олардың халал талаптарына сай болуы мұқият тексерілді.
Атап айтқанда, CTR Chicken, Maki Maki, Taksim, Friday, Wok Point, Nanduk, Lanzhou, кәсіпорындары тексерілді.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің шариғат талаптарына сәйкес жұмыс істеуі, құрал-жабдықтардың тазалығы мен өндірістік орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайы бағаланды. Сарапшылар анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер жасап, оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берді.
Аудит нәтижесінде талаптарға толық сай кәсіпорындарға халал сертификатының талаптарын сақтауды жалғастыру бойынша нұсқаулықтар берілді. Ал белгілі бір түзетулер қажет өндіріс орындарына ескертулер жасалып, оларды реттеу мерзімі белгіленді.