АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

09.02.2026

Алматы

114

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан бірқатар өндіріс орындарында жоспарлы айлық аудит жұмыстары өткізілді.

Аудит барысында ЖК “Дамели”, ЖШС “Прайм Агро Сервис”, ЖШС “Pladis Kazakhstan”, ЖШС “TENGRI MILK”, ЖШС “Фабрика натуральных продуктов” кәсіпорындарының өндірістік үдерістері жан-жақты тексерілді. Атап айтқанда, өнім құрамдары, өндіріс технологиясы, сақтау шарттары мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы бақылауға алынды.

Сонымен қатар, шикізаттың шығу тегі, қолданылатын қоспалардың талаптарға сәйкестігі және өндірістік құрал-жабдықтардың тазалығы сарапталды. Аудит барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ескертулер берілді.

Аудит жұмыстарын жергілікті бақылаушылар Жанәбіл Ахметбекұлы, Өміржан Тұрсынұлы технологтар Есіркеген Жансая, Сыдық Әселхан, жүргізді. Нәтижесінде талаптарға сай кәсіпорындарға жұмысын белгіленген стандарттар аясында жалғастыру жөнінде нұсқаулықтар берілді, ал түзетуді қажет ететін бағыттар бойынша мерзімдер белгіленді.

Телефон WhatsApp