АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

06.02.2026

72

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысында орналасқан «Zigi zagi», «Mecca cola» және «A Product» өндірістік кәсіпорындарында халал талаптарының сақталуына қатысты жоспарлы аудит өткізілді.

Іс-шара барысында өндірістік процестердің ұйымдастырылуы, пайдаланылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, дайын өнімді сақтау және тасымалдау шарттары зерделенді. Сонымен қатар өндірістік нысандардың санитарлық жағдайы, технологиялық тәртіптің сақталуы және құрал-жабдықтардың тазалығы назарға алынды.

Аудит нәтижесінде кәсіпорындарда халал стандарттарын сақтау бағытында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқаны анықталды.

Шара барысында өндірістік қызметті одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынымдар берілді.

Телефон WhatsApp