«ШАВЕРМА» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Жаңалықтар

06.02.2026

82

«ШАВЕРМА» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

«Шаверма» тамақтану орталығы «QMDB Halal» стандартының талаптарына толық сәйкес келіп, халал сертификатына ие болды. Осыған орай кәсіпорын басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келіп, сертификатты табыстау рәсіміне қатысты.

Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстап, кәсіпорын қызметі мен өнімдерінің халал талаптарына толық сай екенін атап өтті.
Ол өз сөзінде: «Бұл сертификат – кәсіпорынның халал стандарттарын қатаң сақтап, адал әрі жауапты қызмет атқарып отырғанының айғағы. Халал өнімдерге деген сұраныс артып отырған кезеңде мұндай кәсіпорындардың стандарт талаптарын ұстануы тұтынушылар сенімін арттыра түседі», – деді.

Кездесу барысында тараптар халал индустриясын дамыту және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кәсіпорын өкілдері алдағы уақытта да сапалы, шариғат талаптарына толық сай өнім ұсынуды жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Телефон WhatsApp