04.02.2026
Алматы
61
Алматы облысында орналасқан «Yakar» кондитерлік өнімдері брендіне берілген «QMDB Halal» сертификатының жаңарту жұмыстары жүргізілді.
«Халал Даму» мамандары жүргізген кешенді әрі жан-жақты аудит нәтижесінде «Yakar» кондитерлік орталығы «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар» стандартына толық сәйкес келетіні ресми түрде расталды.
Аудит барысында кәсіпорындағы кондитерлік өнімдерді дайындаудың барлық кезеңдері, өндірісте қолданылатын шикізаттың шығу тегі мен сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуы, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және қызмет көрсету тәртібі мұқият тексерілді. Сонымен қатар өндірістік процестердің ашықтығы мен ішкі бақылау жүйесіне де ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде анықталғандай, кәсіпорын халал стандарттарының барлық талаптарын толық орындайды.