12.02.2026
Тараз
96
Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде Әйел-қыздар секторына арналған «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында Рамазан айына дайындық семинары өтті.
Іс-шараға «Халал Даму» стандартизация және сертификаттау орталығының Жамбыл облысы өкілдігіне қарасты технолог маманы Ибрагим Аймекен Амангелдіқызы қатысып, адал астың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірме берді. Сонымен қатар тағамдық қоспалардың халал екендігін анықтау жолдары слайд арқылы көрсетіліп, нақты мысалдармен баяндалды.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара адал астың маңызын түсіндіруге және халал талаптарын кеңінен насихаттауға оң ықпал етті.