13.02.2026
Алматы
92
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан «Pladis» кондитерлік фабрикасында қызметкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында халал талаптары, өндіріс үдерісіндегі шариғатқа сай стандарттарды сақтау, шикізат пен қоспалардың тазалығы, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесін күшейту мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Семинарды Алматы облысы бойынша халал даму өкілі Жұмабеков Жанабіл Ахметбекұлы жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, болашақта стандарт талаптарын жүйелі түрде сақтау қажеттігі атап өтілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін арттыруға және тұтынушылар сенімін нығайтуға бағытталған.