13.02.2026
Алматы
103
12 ақпан күні Алматы Орталық мешітінің әйелдер намазханасында «Адал ас – берекенің бастауы» атты Рамазанға дайындық семинары өтті. Іс-шараға әйел жамағаты қатысып, рухани әрі тағылымдық мазмұндағы маңызды мәліметтер алды.
Семинар барысында адал астың маңызы, Рамазан айында дұрыс тамақтану және тағамдық қоспалардың (халал/харам) үкімі кеңінен түсіндірілді.
Ұстаз Ілесбайқызы Гүлмира «Асқа мән берген – иманына мән береді» тақырыбында насихат айтып, адал ризықтың рухани тәрбиедегі орнына тоқталды. Нутрициолог Айжан Бақытжанқызы Рамазан айында денсаулыққа зиян келтірмей дұрыс тамақтану жолдарын баяндады. Сонымен қатар, “Халал Даму” технолог маманы Сәбитқызы Әселхан тағамдық қоспалардың халал және харам түрлері жөнінде нақты түсіндірме берді.
Жиын қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен қорытындыланды. Мұндай кездесулер жамағаттың діни сауатын арттырып, Рамазан айына сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.