13.02.2026
Алматы
84
Алматы облысы Қарғалы ауылында орналасқан жартылай дайын өнім өндіретін цехтарда жоспарлы тексеріс өткізілді.
Атап айтқанда, «Kargaly foods» және «Asan food» (Sarkav бренді) кәсіпорындарында өндіріс үдерістері, шикізаттың құрамы, сақтау талаптары мен ішкі бақылау жүйесі сарапталды.
Сонымен қатар, Қаскелең қаласындағы «Happy Сake» кондитерлік цехында да аудит жүргізілді.
Тексеру барысында кәсіпорындарға стандарт талаптарын сақтау және өндірістік тәртіпті күшейту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.