16.02.2026
Шымкент
108
Шымкент қаласындағы Абдурахман мешітінда «Халал – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында халал ұғымының мәні, күнделікті тұтынатын тағам өнімдеріне қойылатын шариғи талаптар және адал астың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шараны Аружан Маратқызы жүргізіп, қатысушылардың сауалдарына нақты жауаптар берді. Жиын жамағаттың діни сауатын арттыруға және халал талаптарын дұрыс ұстануға бағытталды.