16.02.2026
Ақтөбе
197
Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында жамағатпен кездесу өтті.
Кездесуге ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы қатысып, халал стандарттарының талаптары, адал өнім өндірудегі жауапкершілік және кәсіпкерлік қызметті шариғат қағидаларына сай жүргізудің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, халал саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, шара аясында бірқатар кәсіпорындарға халал куәлік табысталды. Атап айтқанда: «Champion Sandwich», «Манты от Жанат Бекбауов», «Balgun Tort», «Amandyk-Er», «СМАК», «Миндаль», «Nurba Et» кәсіпорындары ҚМДБ «Халал Даму» стандарты талаптарына сәйкестігін растады.
Аталған іс-шара өңірдегі халал индустриясының дамуына серпін беріп, адал өнім өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталды.