АҚТӨБЕ: «ROKOS» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ, QMDB HALAL КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

17.02.2026

Ақтөбе

88

АҚТӨБЕ: «ROKOS» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ, QMDB HALAL КУӘЛІГІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Ақтөбе қаласында орналасқан «ROKOS» шұжық цехында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексерісті технолог маман Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді.

Аудит барысында өндіріс үдерістері, шикізатты қабылдау және сақтау талаптары, өнім дайындау кезеңдері ҚМДБ-ның «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты қаралды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес, кәсіпорын халал талаптарын толық сақтайтыны анықталып, «QMDB Halal» куәлігі қайта табысталды.

Аталған куәлік кәсіпорын өнімдерінің шариғат талаптарына сай өндірілетінін растайды. Алдағы уақытта да бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.

Телефон WhatsApp