17.02.2026
Ақтөбе
72
Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе қаласында имамдар мен жамағатқа арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қасиетті ай алдында діни қызметтің сапасын арттыру, жамағатпен жұмысты жүйелеу және Рамазанға дайындық мәселелерін пысықтау.
Семинарды «QMDB HALAL» мекемесінің бас маманы Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді. Кездесу барысында Рамазан айында атқарылатын жұмыстардың жоспары, уағыз-насихат мазмұны, құлшылық рәсімдерін ұйымдастыру тәртібі және жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар имамдар мен жамағат өкілдеріне жауапкершілік жүктейтін негізгі талаптар түсіндіріліп, бірлік пен ұйымшылдықтың маңызы атап өтілді.
Аталған семинар Рамазан айын жоғары деңгейде өткізуге бағытталған дайындық шараларының маңызды кезеңі болды.