АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АС ЖӘНЕ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ТАҒАМ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

19.02.2026

Қосшы

74

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АС ЖӘНЕ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ТАҒАМ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қосшы қаласында «Адал ас және Рамазан айындағы тағам әдебі» тақырыбында тағылымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында адал тағамның шариғаттағы орны, Рамазан айындағы тамақтану мәдениеті және ораза ұстау кезіндегі жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Кездесуге Ақмола облысына жауапты «Халал Даму» өкілі Муталов Науан, Қосшы қалалық бас имамы Төлеген Арғынбайұлы және «Халал Даму» мекемесінің бас мамандары Жанат Белтаева мен Ардақ Жұбанышева қатысты.

Жиында халал өнімдердің маңыздылығы, кәсіпкерлердің жауапкершілігі және тұтынушылардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ Рамазан айында ас дайындау мен тұтынуда ысырапшылдыққа жол бермеу, тазалық пен адалдық қағидаларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, халал стандарт талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер өңірдегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге және қоғамда адал ас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Телефон WhatsApp