РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жаңалықтар

19.02.2026

183

РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әлеумет! Қадірлі ағайын!

Мұсылман әлемінің ең қасиетті де қастерлі мерекесі – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан – береке мен бірліктің, мейірім мен кешірімнің, сабыр мен шүкірдің айы. Бұл қасиетті ай жүректерге иман нұрын құйып, адамдарды бауырмалдыққа, қайырымдылыққа және ізгі амалдарға үндейді.

Халал кәсіп – адалдық пен жауапкершілікке негізделген берекелі жол. Халыққа халал әрі сапалы өнім ұсыну арқылы қоғамда адал тұтыну мәдениетін қалыптастыру – маңызды әрі сауапты іс. Бұл бағыттағы игі еңбегіміз берекесін тауып, сауапқа кенелтсін!

Қасиетті айда жасаған құлшылықтарымыз, дұға-тілектеріміз бен қайырымды амалдарымыз қабыл болғай! Әр шаңыраққа амандық, ынтымақ пен береке тілеймін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, рухани тазалыққа жеткізсін!

Рамазан айы мүбәрак болсын!

Телефон WhatsApp