20.02.2026
Алматы
95
Алматы қаласындағы мешіттерде Рамазан айына орай ұйымдастырылған ауызашар дастархандары «Халал Даму» мамандарының бақылауынан өтті.
Тексеріс барысында дастарханға ұсынылған тағамдардың халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың сапасы мен сақтау шарттары, қызметкерлердің гигиена ережелерін сақтау және ас дайындау мен тарату процесінің тазалығы қаралды.
Барлық тексерілген дастархандар халал стандарттарына сәйкес екені анықталды. Бұл іс-шараның мақсаты – Рамазан айында мешіттерде қауіпсіз және сапалы тағам ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халал стандарттарының сақталуын насихаттау.
Мешіт жамағаты адал және сапалы тағаммен ауыз ашып, сенімді түрде дастарханын пайдаланды.