20.02.2026
Ақтөбе
149
Ақтөбе қаласындағы мешіттерде Рамазан айына орай ұйымдастырылған ауызашар дастархандары «Халал Даму» мамандарының қадағалауында өтті.
Тексеру барысында тағамдардың халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың сапасы мен сақтау шарттары, қызметкерлердің гигиеналық ережелерді орындауы және ас дайындау мен тарату процесінің тазалығы жан-жақты қаралды.
Нәтижесінде барлық дастархандар халал стандарттарына сәйкес екені расталды. Іс-шараның мақсаты – мешіттерде қауіпсіз, сапалы және адал тағам ұсынуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халал нормаларының сақталуын бақылау болды.
Жамағат дастарханнан сенімді түрде ауыз ашып, Рамазан айының берекесін сезінді.