АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

23.02.2026

Алматы

131

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

КМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес жарияланған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жақсылық Үшкемпірұлы мешіті ұйымдастыруымен “Адас астың пайдасы” тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің техгологы Жансая Шалқарқызы жүргізді. Семинар барысында халал стандарттарының негізгі талаптары кеңінен түсіндіріліп, тағам өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарында сақталуы тиіс қағидалар нақты баяндалды.

Жиында күнделікті тұтынатын өнімдердің құрамына ерекше мән беру қажеттігі атап өтілді. Әсіресе кармин, желатин секілді қоспалардың қандай шикізаттан алынатыны, олардың өндіріс тәсілі және шариғат талаптарына сәйкестігі жөнінде нақты түсіндірме берілді.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, адал тұтыну мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айқындалды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Телефон WhatsApp