25.02.2026
Астана
91
Астана қаласында орналасқан «Самарканд» шәйханасында жүргізілген жоспарлы тексеріс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде мекемеге «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Тексеру барысында ас дайындау үдерісі, қолданылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау және жеткізу шарттары, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы жан-жақты сараланды.
Аудит қорытындысы бойынша шәйхана қызметі белгіленген халал стандарттарға сай деп танылды. Куәлікті мекеме басшылығына «QMDB HALAL» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Бұл куәлік – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің шариғат талаптарына сәйкес дайындалатынын айғақтайтын ресми құжат. Алдағы уақытта да стандарт талаптарының тұрақты сақталуы қадағалауда болады.