25.02.2026
Шымкент
118
Шымкент қаласында мешіттердің асханаларында «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен жоспарлы тексеріс жұмыстары өткізілді. Негізгі мақсат – жамағатқа ұсынылатын тағамдардың халал талаптарына сәйкестігін бақылау және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тексеру барысында:
– Қолданылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі;
– Шикізаттың сапасы мен сақтау шарттары;
– Ас дайындау аймағының тазалығы;
– Қызметкерлердің жеке гигиенасы;
– Құрал-жабдықтардың жағдайы қаралды.
Анықталған ескертулер бойынша жауапты тұлғаларға нақты ұсыныстар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Халал Даму» мамандары тарапынан алдағы уақытта да жүйелі бақылау жалғасатын болады.
Бұл жұмыстар мешіт асханаларында ұсынылатын астың адалдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.