26.02.2026
Шымкент
96
Айқап мешітінде және медресе колледжде Рамазан айына орай ұйымдастырылған ауызашар дастархандарына бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тағамдардың халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың сапасы мен сақтау шарттары, қызметкерлердің гигиеналық нормаларды сақтауы және ас дайындау мен тарату үдерісінің тазалығы жан-жақты қаралды.
Нәтижесінде ауызашар дастархандарының халал стандарттарына сәйкес екені анықталды. Іс-шараның мақсаты – жамағат пен білім алушыларға қауіпсіз, сапалы әрі адал тағам ұсынуды қамтамасыз ету және халал талаптарының тұрақты сақталуын бақылау.
Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.