АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «НАУРЫЗ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛІП, ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

02.03.2026

Алматы облысы

101

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «НАУРЫЗ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛІП, ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «Наурыз Агро» құс фабрикасында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Аудиттің негізгі мақсаты — өндірістік процестердің талаптарға сәйкестігін бағалау, өнім сапасы мен қауіпсіздік стандарттарының сақталуын тексеру болды.

Аудит жұмыстарын жергілікті бақылаушылар Жанәбіл Ахметбекұлы мен Өміржан Тұрсынұлы бірлесіп атқарды. Тексеру барысында құс фабрикасының өндірістік кезеңдері, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, сондай-ақ өнімді өңдеу және сақтау шарттары жан-жақты қарастырылды. Мамандар тарапынан кәсіпорын қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, құс фабрикасы базасында қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мал мен құсты союдың заманауи талаптары, санитарлық нормаларды сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі және кәсіби біліктілікті арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара қатысушылары тәжірибелік ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай шаралар өндіріс сапасын арттыруға және сала мамандарының кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған.

Телефон WhatsApp