02.03.2026
Орал
107
Орал қаласындағы мешіттің әйелдер жамағатына «Халал Даму» бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал ас» тақырыбында танымдық семинар өткізілді.
Іс-шара барысында адал тағамның маңыздылығы, халал өнімдерді таңдаудың негізгі талаптары, сондай-ақ күнделікті тұрмыста халал стандарттарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Семинар қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды әрі нақты жауаптар алды.
Семинардың басты мақсаты – жамағат арасында адал ас мәдениетін қалыптастыру, халал талаптары жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат беру, сондай-ақ отбасы дастарханында адалдық қағидаларын нығайту болды.
Осындай тағылымды кездесулер қоғамда халал мәдениетін дамытуға және халықтың діни сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосуда.