ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МЕШІТ АСХАНАЛАРЫНА «ХАЛАЛ ДАМУ» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

05.03.2026

Шымкент

88

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МЕШІТ АСХАНАЛАРЫНА «ХАЛАЛ ДАМУ» ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында мешіт асханаларында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Халал Даму» мамандары тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру барысында асханаларда пайдаланылатын азық-түліктің халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау барысындағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы, сондай-ақ шикізат көздерінің дұрыстығы назарға алынды. Сонымен қатар, жауапты қызметкерлерге халал стандарт талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, мешіт асханаларында ұсынылатын тағамдардың халал талаптарына толық сәйкес болуы қадағаланатын болады.

Телефон WhatsApp